Дархан Мыңбай Кентау қаласына жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен ауылдың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында қалаға қарасты Қарнақ ауылына барды. Ауылдағы асылтұқымды мал шаруашылығында болды.
«Еңбек» шаруақожалығы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 152 бас асылтұқымды Симменталь сиырын әкеліп, бағуда. Басшысы Шохсанам Маматраймова. Аталмыш кәсіпорын 2021 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда 4 адам жұмыс жасайды. Шаруақожалықтың басты бағыты ет және сүт өнімдерін өндіру.
Келесі кезекте Хантағы ауылындағы №5 А.Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебінде бой көтерген жаңа заманауи дене шынықтыру залымен танысып, ұстаздармен кездесті. Жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласындағы жаңа реформалар жайында ой бөлісті. Қай кезеңде болмасын білім саласына деген қолдау бағытында, жас ұрпақтың сапалы білім алу үшін мемлекет барлық жағдаймен қамтамасыз ету күш салатынын атап өтті.
Хантағы ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында оқушылардың игілігіне №5 А.Құнанбаев және №6 А.С.Пушкин атындағы мектептерде жаңа спортзал пайдалануға әзір тұр. Спорт залда спорттың футбол, баскетбол, валейбол, еркін күрес, көркем гимнастика түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған. Ұлдар мен қыздар бөлек киінетін, жуынатын бөлмелері бар. Денешынықтыру залы заманауи үлгіде салынған.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі