Қоғамдық WI-FI орнатылуда

0

Аудан тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған болатын. Осыған орай Ленгір қаласының орталық алаңында тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазіргі уақытта тегін ғаламтор күнделікті тұрақты жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар «Жастар» және «Тәуелсіздік» саябақтарындағы Wi-Fi нүктелерін интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Интернет қызметінің жылдамдығы 30-40 Мбит/с-ты құрайды. Бұл интернет қолданушыларға әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, оны жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ