Кентау: тазалық сақтау баршаға ортақ іс

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың тапсымасына сәйкес, қалада бей-берекет шашылып жатқан қоқыстарды ретке келтіру, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу шаралары атқарылуда.

Бүгінгі күні Кентау қаласының аумағында 15 стихиялық қоқыс ошағы анықталды. Қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы, жол бөлімі тарапынан қазіргі уақытта 9 ошақ жойылды. Қалған 6 ошақты осы апта ішінде жою жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындары қаланың кез-келген бөлігіне қоқыстарын төгуді әдетке айналдырып, қаланың ластануына  жол беруде.

Аталмыш қоқыстар жел кезінде жан-жаққа шашылып, қаланы қоқыс басуына себеп болуда. Қаланың тазалығы баршаға ортақ іс. Қоқысты арнайы полигондарға төгуді әдетке айналдырған жөн. Тәртіпке бағынбай, бей-берекет қоқыс төгетін тұрғындар анықталған жағдайда айыппұл салатыны ескертіледі.

Кентау қаласы әкімдігі қала тұрғындарын қоршаған табиғатқа сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауды сұрайды!

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ