Кентау: әрбір құрылыс барысында ең алдымен тұрғындарға қолайлы жағы қаралу қажет

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы құрылысы бастау алған Шұғыла мөлтек ауданындағы 6,7,8 көшелеріне барды. Онда жүріп жатқан құрылыс жұмыстың барысын бақылады. Қәзіргі таңда аталған көшелдердің жол құрылысы жүруде.

Жұмыс барысында кезіккен кемшіліктерді байқаған қала басшысы мердігер мекемеге ескертулер жасады. Жол құрылысы барысында тұрғындардың үй құрылыс жүргізуіне ыңғайлы әрі қолайлы болуы қажет деді. Әрбір құрылыс сол деңгейде атқарылу керектігін сала басшысына тапсырды. Айта кетейік, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ