Кентау: аудан әкімінің құттықтауы

0

Құрметті жерлестер! Қадірменді Қазақ елі!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заң – кез келген өркениетті мемлекеттің басты тірегі.  Міне, біз бүгін сол тірегіміз,  Қазақ елінің айбынды төлқұжатына 27-жыл толуда. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Қолайлы құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп келеміз.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік Конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.

 Қымбатты жерлестер! Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзі үшін және отбасы үшін маңыздылығын терең сезінуі қажет. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Құрметпен қала әкімі Ж.Қ.ТАСОВ


ПІКІР ЖАЗУ