Қазығұрт: аудан әкімінің құттықтауы
Баршаңызды 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.
05.06.2022 жыл елмізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Президентіміз Ата Заңға «Қазақстан Республикасының Консти¬ту¬циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында рефердум өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Ата заң баптарының үштен бірі өзгерді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс» деп айтып өтті. Осынау мерейлі мереке қарсаңында Киелі Қазығұрт жерінде тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік – экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болып келеміз.
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жекебасы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын.
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі А. Абдуллаев.