“Жұмысты “жүрдім-бардым” атқару – жауапсыздық. Маған себеп айтудың қажеті жоқ, шешу жолын ұсыныңыздар”

0

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аппараттық мәжілісте орынбасарлары мен бөлім басшыларына осылайша ескерту жасады.

– Жетістік жоқ емес, бар. Бірақ, оған марқайып, тірлікті “ұзын арқан, кең тұсауға” салуға болмайды. Кезегін күткен күрмеулі мәселелер көп екенін ұмытпаңыздар, – деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, қай істе де бірінші кезекте заңды басшылыққа алу қажеттігін, мамандар тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілмеуін бақылауды мекеме басшыларына қатаң тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалуы, нәтижесі мәжіліс барысында баяндалды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу деңгейі де талқыланды.


ПІКІР ЖАЗУ