Алтын құрсақты аналарға «АЛТЫН» және «КҮМІС» алқа табысталды

0

Ана-бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан.

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бір топ алтын құрсақты аналарды қабылдап, оларға «Алтын» және «Күміс» алқа табыс етіп, құрмет көрсетті.

Аудан басшысы аяулы аруларға өмірдің бар жақсылығын тілеп, елімізде аналар мен балаларға көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып өтті.

«Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылып, 18 жасқа дейінгі әр балаға ұлттық қор табысының 50 пайызы есепшоттарына жиналатының жариялады. Сонымен қатар, нәзік жандылардың зейнеттік жасын 2028 жылға дейін 61 жас қылып белгіледі. Бұл өз кезегінде аналар қауымы мен балаларымызға мемлекет тарапынан жасаланып жатқан үлкен қолдаудың бір бөлігі деп білемін»-деді, Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде.

Ауданымызда жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл еліміз үшін өте қуанышты көрсеткіш. Бүгінгі таңда ауданымызда 146-батыр ана, 677-алтын алқа, 1774-күміс алқа және 252-бірінші және екінші дәрежелі «Ана данқы» иелері бар болса, бүгін міне 39 алтын құрсақты аналарымызға алтын және күміс алқа табысталып отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ