Экономикалық өсім халыққа қандай пайда әкеледі?

0

 Экономист Айбар Олжай «Экономикалық шолу» жобасында экономиканың өскенін халық қалай сезетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІЖӨ-нің өсуінен басқа, экономиканың жағдайын анықтап, дәл сол уақыттағы диагнозын беріп отыратын тағы бір параметр бар. Бұл – қысқамерзімді экономикалық индикатор. Бірінші тоқсанның қорытындысында (2025 жылдың – ред.) экономикамыз 5,8%-ға өскенде қысқамерзімді экономикалық индикаторымыз 8,3%-ды көрсетіп тұрды. Дәл қазір, яғни 7 айдан кейін қысқармерзімді эклномикалық индикаторымыз 9,3%-ды көрсетті. Яғни біз белгілі бір бюджеттік стимулдар арқылы ғана емес, бизнестің белсенділігінің арқанын байқап отырмыз, — дейді сарапшы.

Айбар Олжайдың пайымдауынша, экономикамыздың өсуі қойма және транспорт, сауда, құрылыс және тау-кен өндірісіне байланып отыр. Оның сөзінше, негізгі өсім мұнай мен тау-кен емес, логистика мен құрылыс саласымен тығыз байланыст болып отыр.

Экономикалық өсім – біз үшін жақсы жаңалық. “Бұдан халықтың өмірі қаншалықты өзгереді? Халық экономикалық өсімді сезе ме?” деген сұрақтар болатыны рас. Экономикалық өсім бір мезетте халықтың барлығына сезіле қоймайтын құбылыс. Экономикалық өсім болмаған кезде бір орында тұрып қалу процесі басталады. Мұндай кезде бизнестің белсенділігі төмендейді. Жұмыс орындары аз ашылады. Жұмыс істеп жүрген адамдардың айлығының өсуі тоқтайды, — деп санайды сарапшы.

Мұндай жағдайда бағаға, яғни инфляцияға тежеу қойылса да, адамдар өздерін жайсыз сезіне бастайды. Мысалы, тапсырыс, жұмыстар азаяды, соңында қалтада ақша да азаяды.

Экономикалық өсім болғанда белсенділік жоғарылайды. Бизнес белсенді болады, жұмыс орындары құрылады, тапсырыс болады. Экономикалық өсім халыққа осы тұрғысынан тиімді, — деп айтты Айбар Олжай.


ПІКІР ЖАЗУ