Ел экономикасы 9 айда 6,3%-ға өсті

Нақты сектордағы өсу 8,1%, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.
Салалар арасында көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі ең жоғары өсуді көрсетіп тұр. Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға ұлғайған.
Жалпы ішкі өнім өсуінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік қызметтері қамтамасыз етті. Инвестициялар өсудің факторы болып тұр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға артып, 13,8 трлн теңге. Оның ішінде жеке инвестициялар 7,8%-ға өсті,-деді Азамат Әмрин.
Қаржы қызметіне жалпы инвестициялар 2 есеге, білім беруге – 1,8 есеге, өңдеу өнеркәсібіне – 30,7%-ға, ауыл шаруашылығына – 21,1%-ға, көлік қызметтеріне – 14,8%-ға ұлғайған.
Инвестициялардың ең жоғары өсуі Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында тіркелді. Биылға жылдың қаңтар-тамызында сыртқы сауда айналымы 90,1 млрд доллар. Тауарлар экспорты 50,2 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 18,1 млрд доллар,-деді ол.
Тауарлардың импорты 40,1 млрд доллар. Әлемдік тауар нарықтарындағы төмен бағаларға қарамастан 10 млрд доллардан аса оң сауда балансы сақталған.