Балықты ауылында жаңа балабақша ғимараты пайдалануға берілді

0
4

Осы уақытқа дейін ескі ғимаратта тәрбиеленіп, мектепке даярлық білімін алып келген Балықты ауылының бүлдіршіндері енді жаңа, барлық стандартқа сай соғылған балабақшаға көшіріледі.

Бүгін аталған ауылда Теміржан Байбатшаев есімді жеке кәсіпкер қаржысына бой көтерген 100 балаға шақталған «Жас-Дарын» балабақшасының салтанатты ашылу іс-шара өтіп, пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Е.Орманов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек пен округ әкімі М.Телғараев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік нысанды жеке өз қаржысына соққан Теміржан Асайұлына аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті.

Бүгінде ауданымызда 51 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 48-балабақша, 3-шағын орталық. Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.

Қазіргі таңда ауданымызда барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «balabaqsha.snation.kz» жүесімен толық автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл нақты баланың келіп-кетуін бақылайтын  ашық жүйе болмақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын «bilimkids. kz» онлайн білім беру платформасын енгізу жұмыстары іске аспақ. Бұл өз кезегінде тәрбиешілердің білімін шындап, заманауи оқу-процестерін меңгеруге зор септігін тигізбек.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ