Отырар: үйлестіру кеңесінің мәжілісі

0

Өткен дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі болып өтті. Кеңес мүшелерімен қатар ауданымыздағы бөлімдер мен мекемелердің басшылары, жауапты қызметкерлері, ауыл округінің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысқан жиында халық денсаулығын қалыпты жағдайда сақтау, қауіпті де жұқпалы аурулардың алу мәселелері кеңінен әңгіме арқауына айналды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәжілісте аудандық СЭҚБ-ның басшысы Е.Рысқұлов өткен сегіз ай көлемінде конго-қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу жөнінде ауданымызда атқарылған жұмыстардың барысын баяндаса, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Отырар аудандық филиалының басшысы Е.Сейітқазы залалсыздандыру жұмыстарына байланысты жүзеге асырылған жұмыстарын тілге тиек етті. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріның орынбасары Г.Ажикабулова есепті баяндамасы жұқпалы аурулардың алдын алу үшін атқарылуға тиісті жұмыстар өз дәрежесінде орындалуы қажет деп түйінделді.

Келелі жиында аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобына аудан көлеміндегі сырттан, шет елдерден келіп жұмыс істеп жүрген азаматтармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бұл өз кезегінде жұқпалы індеттердің алдын алуға септесетін салиқалы, салауатты іс болмақ.


ПІКІР ЖАЗУ