Қазақстанда теміржол желісінің 57%-ы тозған

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елімізде теміржол желісінің 57%-ы тозғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым. Тозу деңгейі — 57 пайыз, — деді министр.
Сауранбаевтың айтуынша, бұл пойыздардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Инфрақұрылым мүмкіндіктері толық шегінде жұмыс істеп тұр.
Осы проблемаларды шешу үшін 2029 жылға дейін 5 мың км жаңа жол құрылысы мен модернизация жүргізіліп,11 мың км жол жөнделіп жатыр, — деп айтты Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте.