Жетісай ауданының тұрғындары назарына
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында аудан әкімінің және қала, кент, ауылдық округтері әкімдерінің тоқсан сайын халықпен тұрақты көшпелі кездесулері мен жеке қабылдаулары өткізілетін болады.
Кездесулердің барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары хабардар етіледі және нақты мерзімдері көрсетіле отырып, өзекті мәселелерді шешу жолдары түсіндірілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген Жарлыққа сәйкес, аудан әкімінің және қала,кент, ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулері мен жеке қабылдауларды өткізу мерзімдері алдын-ала БАҚ пен ресми әлеуметтік желілерге жарияланатын болады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі