Мемлекеттік қызметкерлермен семинар-тренинг өтті

0

Жетісай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 28.07.2022 жылғы №22 шешімін орындау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын, жеке уақытын тиімді жоспарлау мақсатында, Жетісай ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Жеке тиімділікті дамыту: тайм менеджмент» тақырыбында семинар-трениг өтті.

Семинар-тренигке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облыстық филиалының қызметкері аға оқытушы Нұрбай Досанов қатысып, арнайы дайындалған слайд мәліметтері арқылы еркін пікір алмасу форматын жүргізді. Семинарға Жетісай ауданы әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Жиын барысында күнделікті жұмыс уақытын тиімді жоспарлау мен тайм менеджмент қағидаларын өмірде қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде мемлекеттік қызметшілерге толыққанды түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жолдары айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ