Кентау: өзекті болған мәселе шешімін тапты

0

Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің жанындағы кәріз суы осы сәтке дейін өзекті болып келген. Бүгінгі таңда, аталған аймақтағы кәріз жүйесінің үш картасының беті жабылып, көмілді.

Атқарылған жұмыстардың барысын қала басшысы Жандос Тасов өзі барып, бақылап қайтты. Бүгінгі таңда, кәріз жүйесінің картасын жылжытуға бағытталған жаңа құбырлар әкелінді. Енді оларды орнату жұмысы жүзеге асырылмақ.

Қала басшысы тиісті жұмыстарды атқарушы мердігер мекемеге тұрғын үйлердің арты бөлігіндегі шұңқыр болып қалған жерлерді тегістеуді тапсырды. Тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігі үшін жылдам әрі сапалы атқару қажет деді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ