Арыс: жолдау болашағымыздың іргесін нығайтуға міндеттейді

0

Бүгін, 2022 жылы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды. Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, кеден және салық, азаматтардың мүддесін қорғау, цифрландыру, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне тарту, ұлттың жаңа болмысы бағыттарын қамтыды.

Жалпы бүгінгі жолдау барлық бағытты қамтып өтті атап айтар болсақ:

– салық саласындағы реформа;

– балаларға арналған ұлттық қор яғни ұлттық банктың кірісінен 50 пайызы кәмелетке жасқа толмаған балалардың жеке шоттарына аударылып отырады;

– мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда;

– 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепке оқуына жағдай жасалады. Бұл үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеді.

– 2023 жылдың алғашқы жартысында Парламент сайлауы өтетін болды.

– Шетелден дарынды жандарды елге тарту қажет, әсіресе шығармашылық пен кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен азаматтарды шақыру керек. Шетел кәсіпкерлері 10 жылға виза рәсімдеп, елімізде тұра алады, бірақ олар экономикаға 300 мың доллардан астам инвестиция салу қажет

– Президент биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және соны жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін!

Мақсұт Рысбаев, №11 Б.Момышұлы атындағы жобб-нің информатика пәні мұғалімі


ПІКІР ЖАЗУ