Шардара: Жанар-жағармай мәселесі талқыланды

0

Шардара ауданында күзгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан  бекітіліп бөлінген жанар-жағармай мәселесі кеңінен талқыланды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Таженов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл,  ауданға бекітіліп жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар: «Казроснефть» және «Майсс» ЖШС-ларының өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңдағы аудандағы шаруаларға тасымалдау, жеткізіп беру жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасы жайлы сөз қозғалды.

А.Таженов өз сөзінде күзгі дала жұмыстарына бөлінген дизель отыны бойынша қазіргі таңда елімізде  жанар-жағармайдың тапшылығына байланысты ауданға бекітілген жанар жағармайды тасымалдаушы операторларға  жанар жағармай бағасын белгіленген бағада тұрақты ұстау, тасымалдау жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып, шаруаларға жеткізу жұмыстарының тиісті деңгейде жеткізілуін, ал ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен ауыл әкімдері тарапынан агроқұрылымдар арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі керектігін  атап өтті.

Өз кезегінде жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар жаппай күзгі дала жұмыстары науқанының басталуына орай қазіргі таңда елімізде нарықтық бағада дизель отынының тапшылығына байланысты орын алып жатқан жағдайға қарамастан аудандағы шаруаларға  өздеріне бөлінген қажетті жағармайды бекітілген бағада толықтай жеткізіп беретіндіктерін  және бұл  бойынша ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары А.Таженов операторлардың сөзін тыңдап, мәжілісті қорытындылай келе, Үкімет тарапынан бекітілген бағадағы  жанармай қорының бар екенін халыққа кеңінен хабарлауды осы тұрғыда тиісті жұмыстарды атқару керектігі жөнінде жауапты бөлімге тапсырма берді.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ