Отырар: «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

0

Көлік жүргізушілері арасында жол-көлік ережесін сақтауды насихаттау, жол-көлік оқиғаларын азайту және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында 2022 жылдың 19 шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алған болатын. Шара барысында заңсыз жолаушылар тасымалы, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушыларды анықтау, мас және масаң күйде көлік тізгіндегендер, жылдамдық режимін бұзғандар, басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шыққандар, маневр жасау ережелерін бұзғандар, жаяу жүргіншілерге басымдық бермегендермен, басқа да жол ережесін бұзушылар жіті бақылауға алынуда.

Қазіргі таңда бір айлық шараның алғашқы онкүндігінің өзінде 359 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Көлік жүргізушілері көбіне ҚР ӘҚБК 591-бап «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы» (28), 599-бап «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту» бойынша (13), 463 бап «Заңсыз адам тасымалы» (1) тәртіп бұзған. Сондай-ақ, жоғарыда аталған Кодекстің 608 бабы көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша 4 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Медетпек Бөрібековтің айтуынша тұрғындардың жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін жағдайлар да аз емес. Шара барысында өзге де құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.

Айта кету керек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген республикалық шара ағымдағы жылдың 18-тамызына дейін жалғасады. Жол-көлік ережесін күнделікті өмірде сақтау — қауіп-қатердің алдын алатындығын естеріңізге саламыз.


ПІКІР ЖАЗУ