Түркістан: Келес ауданының жолдары қардан тазаланып жатыр

0

Қардың қалың түсуіне байланысты Келес ауданында көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге кедергілер болдырмау мақсатында арнайы техникалар жұмылдырып, қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығындағы 107 көше тазаланып жатыр. Алдымен орталық, адам көп жүретін көшелерді, жолаяқтарды тазалау жұмыстарына басымдық берілуде. Сонымен қатар «Келес тазалық-2050» ЖШС тарапынан аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекенінің ішкі көшелеріне 300 тонна құм, 10 тонна тұз, 4 техника қаралып, 20 жұмысшы тартылды.

Айта кетейік, 2022-2023 жылғы қыс мезгіліне дайындық жұмыстарына республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Түркістан облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, 250 м3 құм, 75 т бір тұз шашатын арнайы техника, екі РТЗ, екі автогрейдар және бір «Газель» автокөлігі қаралған. Ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан 140 тонна құм, 6 тонна тұз және 6 техника бөлінген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ