Түркістан: аудан әкімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

0

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жергілікті мерзімді басылымдар мен телеарналардың өкілдерімен кездесті. Аудан басшысы бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі таңда қоғамда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

– Біздің ортақ міндетіміз – бірлесіп «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру. Бұл істе өз халқының үні болуы тиіс бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілік жүктелген. Билік пен халық арасында дәнекер болып, ақпарат майданында күні-түні тынбай қызмет етіп келе жатқан төртінші билік өкілдерінің еңбегі орасан. Сіздер әрдайым саяси оқиғаларды барша жұртқа жеткізуде, үгіт-насихат жасауда өзіндік үлес қосып, жедел әрі сапалы жаңалықтардың жаршысы болып келесіздер. Бүгінгі таңда «Келес келбеті» қоғамдық-саяси газеті ауданымыздың тыныс-тіршілігін баяндаса, «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС мекемесі телеарна арқылы ақпарат таратады. Ал «Оңтүстік Қазақстан» газеті өңірімізде болып жатқан жаңалықтарға ақпараттық қолдау танытып келеді, -–деген Жәнібек Есенұлы БАҚ өкілдерінің пікірлерін тыңдады.

Өз кезегінде «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС атқарушы директоры Ералы Хидиров телеарна тілшілерінің ауылдарды жиі аралап, елді мекендерде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар екеніндігін айтып, бірлесе жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында аудан басшысы Жәнібек Есенұлы қарапайым еңбек адамдарды өзгелерге үлгі ретінде ұсынып, БАҚ беттерінде олар туралы жиі жариялау керектігін атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ