Түркістан: Сарыағаштық ұстаздар І орынды иеленді

0

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жуырда облыс мектептерінің директорлары мен орынбасарларына Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы «Заманауи мектепті басқару» компьютерлік оқыту симуляторын таныстырды. Облысқа қарасты қала және аудандардан 49 мектеп командалары жиналып, мектепті басқарудағы 9 аспектіні 150 параметр бойынша 1500-ге жуық шешім қабылдап, заманауи виртуалды оқу ордасын құру мүмкіндігіне ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша симуляция жобасын жоғары денгейде ұйымдастырып, кысқа мерзімде дәйекті, мазмұнды жұмысымен облыстағы аудандар ішінде Сарыағаш ауданына қарасты №32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі директоры Жамиля Жолдасбекова және орынбасарлары Ғалымжан Бөрібеков, Нұрлыбек Садиев мектепті дамыту жолында 21 рет жұмыс ұсынып, 53 баллмен командалық жобасы үздік деп танылды.

Рейтинг бойынша бірінші орынға ие болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


ПІКІР ЖАЗУ