Түркістан: Сауран ауданында қарғын су кірген ауылдарды қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүруде

0

Ақпан айының басында Сауран ауданындағы Шаға мен Бабайқорған ауылдық округтерінде су тасқынының екпіні мен көлемі жоғары болуына байланысты елді мекендерге су кірді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жедел жұмыстар атқарылып, жағдай бақылауға алынды.

Төтенше жағдай болған Шаға, Бабайқорған ауылдық округтерінде жедел әрекет ету штабтары құрылып кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Ауылдарда зардап шекендерге келтірілген залалды анықтау мақсатында арнайы комиссиялар құрылды. Комиссиялар зерделеу жұмыстарын жүргізіп, (фототүсірілім, мемлкеттік акт т.б.) дәлелді құжаттар жинақталуда.

Қауіпсіз жерге 177 адам көшірілді, 107-і – балалар. Су тасқыны кезінде 152 үйдің ауласына су кірген. Жалпы, жұмылдырылған техникалар саны – 48. Қызметкерлер саны – 97. Бөгет жасауға 8100 қап құм қолданылды. 10000 дана қап резервте дайын тұр.

Су тасқыны салдарынан Шаға ауылдық округі, Шаға елді мекенінде табиғи газ құбырына зақым келіп, ол жедел қалпына келтірілді. Ауыз су жүйесі де қайтадан іске қосылды. Шаға елді мекені көшелеріне 150 м3 тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы 3 тонна көлемінде жанар-жағармай жұмсалды.

Жергілікті резервтен Шаға, Жүйнек, Үшқайық елді мекендеріндегі каналдарға механикалық тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Сауран ауданына қарасты басқа да ауылдық округтерде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қауіпті жерлерге қосымша арықтарды механикалық тазалау, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, жолдар қалпына келтіріліп жатыр.

Аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Сауран ауданы әкімдігінің барлық қызметкерлері, ерікті жасақшылар жұмылдырылып, техникалар тартылып, тиісті шаралар атқарылуда. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ