Сауранда жағдай тұрақталып, тұрғындар үйлеріне оралуда
Жауын-шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруінен арық- атыздарда судың тасуына байланысты Сауран ауданында бірнеше елді мекенге су кірген болатын. Шаға елді-мекені бойынша 50 үй ауласын су алып, 120 тұрғын үйдің адамдарын көшіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы 20 техника жұмыс істеп, бөгет үшін 1350 дана инертті материал салынған қап қолданылған.
Бүгінгі күні дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жағдай тұрақталып, көшірілген адамдар өз үйлеріне оралуда.
Ауыл тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғ.Үсенбаев зардап шеккен ауыл тұрғындарына қар мен жаңбырдың мөлшерден артық түсуінен, ауа райының күрт жылынуы салдарынан ауылдарды су басу қаупі расында жоғары болғандығын түсіндіріп, бірінші кезекте табиғат салдарынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары есептелетінін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі