Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды

0

2023 жылдың 28 ақпан — 1 наурыз аралығында Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен, жұмыс күші тапшы Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындарының қатысуымен бос жұмыс орындары ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді.

Онда Қарағанды облысының жұмыс берушілері тарапынан бос жұмыс орындарын таныстыру, ақпарат ұсыну және кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

28 ақпан күні сағат 10.00 — 13.00 аралығында Түркістан қаласы және Сауран ауданы тұрғындары үшін «Ақжайық» музыкалық мектебінде, сағат 15.00 — 17.00 аралығында «Кентау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының» ғимаратында кездесу ұйымдастырылады. Мұнан соң, сағат 17.00 — 18.00 аралығында Кентау қалалық көп салалы колледж түлектерімен кездесу және бос жұмыс орындарын таныстыру жалғасады.

Жәрмеңке 1 наурыз күні Сарыағаш және Келес аудандары тұрғындары үшін «Сарыағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының» ғимаратында өткізіледі. Сағат 11.00 — 13.30 аралығында ақпарат алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ сағат 13.30 — 15.00 аралығында Сарыағаш ауданындағы №12 колледждің бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Аталған шараларға облыстың жұмыссыз тұрғындары мен білім беру ұйымдарының бітіруші түлектері, сондай-ақ БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз!

 


ПІКІР ЖАЗУ