Түркістан облысында «Қарақуыс» су қоймасы салынады

0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, ағын су тапшылығының алдын алу бойынша өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында 1200 шақырымды құрайтын 680 арықтар мен каналдар қоқыстан тазартылып, 952 шақырым арналар механикалық тазартудан өткізілді.

Төлеби ауданы аграрлы аймақ болғандықтан, каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органның назарында.

Осы мақсатта Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қарақуыс» су қоймасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Су айдынының сыйымдылығы — 1040 мың текше метр, жалпы аумағы 13 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд 123 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары биыл басталады.

Былтыр Төлеби ауданындағы «Қыр» каналының жарамсыз қалған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды. Сонымен қатар, «Атбұлақ», «Озерный», «Планировочный» каналдары және «Кент» магистралды каналының 480 метр аумағы қалпына келтірілді. «Тесіктас», «Горный камень», «Айналма» және «Блюскен-1» каналдарын жөнедуден өтті.

Сондай-ақ Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты «Жіңішке», «8-март», «Көксәйек», «Кент», «Қара-Шора», «Ұзын», «Таш», «Төңкеріс» каналдарының 6,5 шақырымы, «Науытсай», «Жаманжар», «Аққұм ішкі» және «Момынайтас» каналдарының 12,5 шақырымына механикалық тазалау жүргізілді.

Жыл басынан бері аудан аумағында төтенше жағдайларды болдырмау бағытында өңір басшысының тарапынан жүктелген тапсырма негізінде ұзындығы 7 шақырымға жуық канал механикалық тазалаудан өтті. Су тораптары жабылып, 55 елді мекен бойынша 50 шақырымға жуық ішкі арық-атыздар тазартылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ