Министр Түркістан театрының «Мағжан» спетаклін тамашалады

0

Түркістан облысына арнайы іссапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Түркістан музыкалық драма театрына ат басын бұрды. Асхат Раздықұлы театрдың тыныс-тіршілігімен таныса отырып, аталмыш театрда сахналанған «Мағжан» спектаклін тамашалады. Сонымен қатар театрға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, сондай-ақ танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да арнайы келді.

Жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасы өткен жылдың соңында көрермен назарына ұсынылған болатын. «Мағжан» қойылымының идея авторы – Айнұр Көпбассарова, Түркістан музыкалық драма театрының директоры – Әлімхан Мырзахан, туындының қоюшы режиссері – Давиде Ливермор, режиссері – Chiara Ocella.

Қойылымда елімізге танымал Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Али Марат сынды театр әртістері жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елі үшін басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көрерменге жеткізе білді.

Руханияттың ордасы болған Түркістан қаласының театрларында көрермен үшін қойылымдар тұрақты түрде қойылып келеді. «Мағжан» спектаклін театр сүйер қауым бүгін де тамашалай алады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ