Республикалық «IQANAT» олимпиадасынан түркістандық 16 оқушы жүлдемен оралды

0

Республика бойынша ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды. IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуына тең мүмкіндік жасау. Сонымен қатар осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

IQanat олимпиадасына еліміз бойынша 800-ге жуық оқушы бақ сынады. Түркістан облысынан республикалық олимпиадаға 174 оқушы қатысып, 16 оқушы IQanat High School of Burabay мектебінде білім алуға мүмкіндік алды. Оның ішінде, төлебилік Арсланова Маржан жүзден жүйрік шығып, биология пәнінен жүлделі І орынға ие болды.

Білімділер сайысында Жетісай ауданынан Әуелбек Балжан, Жанабай Даниял, Құттыбек Ержігіт, Қазығұрт ауданынан Махамбетәлі Дінішбек, Тойлыбай Рамазан, Сайрам ауданынан Ирисметова Барно, Бахадиров Шахзод, Созақ ауданынан Серік Дулат, Маликов Айкын, Түлкібас ауданынан Бекеева Дана, Сауранбай Гульнур, Давлетбек Сырым, Төлеби ауданынан Көпжасар Арай, Арсланова Маржан, Шардара ауданынан Рахымжан Ақсезім және Токмагамед Асхан жеңімпаз атанып, IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсті.

Республикалық олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға кітаптар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ