Шымкентте ауаның ластануына байланысты кезекші топ құрылды

0

Шымкентте әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан ауаның ластануы туралы арыз-шағымның түсуіне байланысты, түнгі мезгілде кезекшілік топ құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін бұл туралы Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының Экология депаратментінің басшысы Ермахан Тастанбекұлы мәлімдеді. «Көктем, жазғы уақытта, әсіресе түнгі уақытта ауаның ластануы мерзімді түрде жағымсыз иістің пайда болуы сезіліп, департаментке әлеуметтік желілер арқылы шағымдар түсуде. Сондықтан ластау көзін анықтау үшін 2023 жылдың мамыр айында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жұмысшы топ құрылып, түнгі кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған», — деді спикер. Құрылған жұмысшы топ құрамында 14 мекеме бар. Олар: Шымкент қаласы бойынша экология департаменті (зертханасымен), Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Казгидромет» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Еңбекші ауданының полиция басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы (зертханасымен), Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасы, «Shymkent» Әлеументтік кәсіпкерлік карпорациясы» АҚ, Еңбекші ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасы, Абай ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасы, Әл-Фараби ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасы, Қаратау ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасы, Тұран ауданы санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау басқармасы. Аталған топ кезектен 2023 жылдың 22 мамырынан бастап 30 қыркүйек аралығында түнгі сағат 23:00-ден 03:00-ге дейін қала аумағындағы Индустриалды аймақтарда кезекшілік жұмысын атқарады. Сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде. Шымкент қаласының экология департаменті тарапынан қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданды. ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопаркке тексеру тағайындалып, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары тексеріске қатысып жатқаны айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ