Түркістан: «Тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деп 4 тұрғынды алдаған күдікті әйел анықталды

0

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, «тұрғын үй кезегін жылжытып, үй алып беремін» деп алдын ала 450.000 теңгесін жымқырып кеткен.

Арадан біршама уақыт өтседе ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полицияның көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру барысында күдікті әйелдін алаяқтықтың 4 жайтына қатысы бары анықталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


ПІКІР ЖАЗУ