Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі Шымкент қаласында ынтымақтастық орнатуға дайын

0
  • Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Джейн Личпен арнайы ресми кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындау.
  • Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алған күннен басталған. Бұл жылдар аралығында мемлекетаралық байланыс сындарлы түрде нығая түсті.
  • Мәселен, екі ел ынтымақтастығының бір көрсеткіші – қалалар арасында тығыз байланыс орнату. Стивендж қаласы мен Шымкент бауырлас қалалар. Екі қала арасында бұл күнде туризм бағыты бойынша байланыс бар.
  • Кездесу сәтінде қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек елшілік өкілдеріне қаланың экономикалық әлеуетін таныстырып өтті.
  • Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру қажет екені айтылды. Кездесу нәтижесінде екі ел арасында игілікті жобалар жүзеге асады деп күтілуде.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ