Шымкентте алғаш рет “SHYMKENT FEST” жобасы басталды

0

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен алғаш рет «Shymkent fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулар басталды.

Жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаның ашылу салтанатына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, жастарды фестивальде белсенділік танытып, спортпен шұғылдануға шақырды.

2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі шаралар өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ