Шымкентте жылына 262 миллион литр сусын шығаратын зауыт салынуда

0
  • Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясының қолдауымен алкогольсіз, газдалған және газдалмаған ауыз су сусындарын шығаратын зауыт салынып жатыр.
  • Естеріңізге сала кетейік, былтыр Шымкент қаласына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Қазақстан филиалының директоры Мұстафа Белтекин жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, зауыт құрылысының жобасын талқылаған болатын.
  • Жүргізілген келіссөздерге сәйкес, биыл зауыттың іргетасы қаланып, қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 30%-ы кестеге сәйкес атқарылған. Аталған зауыттың құрылыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болды.
  • Зауыт іске қосылса 100-ден аса жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 262 миллион литр сусын шығаруға мүмкіндігі бар.
  • Мұрат Дүйсенбекұлы бұл жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асуы қаламыздың өндіріс саласына ауқымды серпін беретінін айтты. Зауыт 16 гектар аумақты алып жатыр, құрылысы 2024 жылы аяқталып, өндіріске қосылады.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ