Түркістандықтар ашық аспан астында кино көрді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістандықтар ашық аспан астында кино көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының алаңында ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылды. Онда Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары таза ауада отырып «Гарри Поттер и философский камень» киносын тамашалады.
«Ашық аспан астындағы кино көрсетілімге көптеген қала тұрғындары мен туристер келді. Әсіресе, көрермендер арасында балалар көп болды. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсымыз — отбасылық демалыс мәдениетін көтеру. Біз осындай істер арқылы балаларға жанұясы мен достарының махаббаттын ұғындыра аламыз. Сондықтан бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табады. Отбасылық мультфильмдер мен киноларды көрермен назарына ұсынатын боламыз» — дейді «Түркістан Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының директоры Индира Икапова.