Шымкент: жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

0
  • Күрделі жөндеуден өткен Шымкенттегі №2 Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.Бүгінде озық үлгіде жаңартылған орталықта 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылған. Жыл басынан бері медициналық ұйымда 826 бала ем алды.
  • Орталықта неврологиялық ақауы бар және отадан кейінгі кардиохирургиялық, ортопедиялық 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын алады. Мұнда 113 қызметкер жұмыс істейді. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж, логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог қызметтері көрсетіледі.
  • Педагог мамандары балалардың шығармашылығын дамытуға, өз-өзіне қызмет көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізіп, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектесіп, ата-аналарына үй жағдайындағы оңалту жұмыстарын үйретеді.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ