Шымкент: екі мыңнан астам арендалық пәтерлерге тексеру жүргізілді

0
  • Ағымдағы жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 2000-нан астам арендалық пәтердің мақсатты пайдалану жағдайын зерделеу үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 68 отбасыға тиісті акт түзіліп, хабарлама хаттар жолданды.
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалдау шартының негізінде «Жалға алушы» осы шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін уақытында төлем енгізуге міндетті.
  • Егер азамат жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлем бойынша берешегі болған жағдайда, шарттың міндетін орындамай отырған болып саналады.
  • Сонымен қатар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін азаматтар әр айдың 5-іне дейін төлем төлемеген жағдайда өсімпұл жүретіндігін хабарланады. Осыған байланысты хабарлама алған күннен бастап 3 күн ішінде берешекті төлеуі тиіс.
  • Жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар пәтер ақыны Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлей алады
  • Ай сайынғы жалдамалы баспананың пәтерақы берешегі төленбеген жағдайда Тұрғын үй басқармасымен сотқа шағымдану арқылы пәтерді босату жөнінде талап арыз түсіріледі.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ