Тұран ауданында аула ішілік аяқжолдар салынуда

0

Шымкент қаласы Тұран ауданында аула ішілік аяқжол салу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта А.Байтұрсынов көшесі №59А, №94, Ғ.Орманов көшесі №40-42, Спорт шағын ауданындағы №18-23, №14 тұрғын үйлер, Қ.Рысқұлбеков көшесі №50А, О.Жандосов көшесі №2 көпқабатты тұрғын үй кешені аумақтарында құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.

Аяқжол салу жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ