Шымкенттік тұрғын заңсыз ойын ойнатып, 1 айда 15 млн. теңге табыс тапқан

0

Шымкенттік тұрғын заңсыз ойын ұйымдастырып 1 айда 15 млн. теңге қаражат тапқан. Күдікті «Tik-Tok» әлеуметтік желісі арқылы «Тринка Шамай» ойнатқаны белгілі болды.

1995 жылғы азамат онлайн бизнесті тікелей эфирде жүргізген. Ол үшін 4 аккаунт ашқан. Қазір азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: “Шымкентте «Tik-Tok» әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды. Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы бір ай ішінде жалпы ақша қаражаттарының айналымы 15 млн. теңге болғаны анықталды. Бұзушылықтың мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”.


ПІКІР ЖАЗУ