Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

0

Қызылорда облысында рейстегі автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында  Шымкент-Самара   тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан.  Автобус Қызылорда — Қазалы бағытында қатынаған.

Жол — көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып,  автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


ПІКІР ЖАЗУ