Түркістан облысының әкімі Сарыағашта қайтыс болған 5 жастағы қыз баланың ата-анасына көңіл айтты

0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған 5 жастағы қыздың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысының Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып қайтқан.

«Өте ауыр жағдай. Қайғыларыңызға ортақпын. Жұбатуға сөз табу қиын. Кішкентай балапанның ауыр қазасы бәрімізді күйзелтті. Қазір күдікті ұсталды. Заң аясында қатаң жазаланады», – деді облыс қара жамылған отбасыда болған кезінде. 

Бұдан бірнеше күн бұрын Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталған болатын. Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жерленді. 

Қайғылы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы пікір білдіріп, арнайы органдарға істі жіті бақылауға тапсырған болатын. 


ПІКІР ЖАЗУ