Шымкентте «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтті

0

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. «Жастарға жұмыс» тақырыбымен ұйымдастырылған шараға 50 -ден астам мекеме қатысты. Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты еңбек мобильді орталықтың мәліметі бойынша жылдың басынан 34 жәрмеңке өтіп, онда өтініш берген 2 мыңға жуық жерлесіміздің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сымбат Қайырбек биыл жоғары оқу орнын тәмамдады. «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі таңдаған мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға керемет мүмкіндік болды»,- дейді түлек.

Сымбат Қайырбек, Шымкент қаласының тұрғыны: «Биыл 4 курсты бітірдім технолог тігін мамандығы бойынша. Жәрмеңкедегі жұмыс беруші  кәсіпорынға ертең келсең жұмысқа аламыз деді.Мен бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысамын, барамын».

Бүгінгі шараға шаһардағы көптеген мекемелер қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Бүгінде еңбек нарығында қаржыгер, қызмет көрсететін оператор, ІТ маманы, тоқыма өндірісіне тігіншілер, дизайнерлер, құрылыс саласына жұмысшылар қажет дейді ұйымдастырушылар.

Жұлдыз Балтабаева, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты еңбек мобильді орталығы директорының орынбасары: «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар қанатымен»  бірігіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Бүгін  50-ге жуық  мекеме бос жұмыс орындарын ұсынып жатыр. Кеңес беріп, түйіндеме алып жатыр».

Жыл басынан бері Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты еңбек мобильді орталығының ұйымдастыруымен 34 жәрмеңке өткізілген. Қоғамдағы осал топтарды қолдау мақсатында 6 рет іс шара өтсе, шалғай елдімекендерде 24 рет жәрмеңке ұйымдастырылған. Жылжымалы бос орындар жәрмеңкесіне өтініш берген 2 мыңға жуық жерлесіміздің басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылды


ПІКІР ЖАЗУ