Нұртас шағынауданы тамыз айында табиғи газбен қамтылады
Бүгінде 2873 тұрғын қоныстанған Нұртас шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме қазір елдімекенге ұзындығы 1,5 шақырымнан тұратын құбыр жүйелерін тартуда.
Бүгін қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге газдандыру жұмыстарын пысықтады. Нысан пайдалануға берілгенде елдімекен тұрғындары толық табиғи газбен қамтылады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газбен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізіп, өндірістік кестеге сай тамыз айында абоненттерді көгілдір газға қосуды тапсырды.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада газдандыру бойынша 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ елдімекендерінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Мегаполисте жыл қорытындысымен табиғи газбен қамту көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі