Көршісінің кішкентай қызын байлап, иесіз ғимаратқа апарып ұрған

0

Алматы облысы Қарғалы ауылында кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталған. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Қарғалы ауылында жас келіншек кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, иесіз үйге апарып ұрған болатын.


ПІКІР ЖАЗУ