Көшелерге асфальт жол салынуда

0

Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу мақсатында, қалаға қосылған тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының бірқатар көшелері асфальтталуда. Атап айтқанда, Кеңгір, Қараөткел, Балқан №2,3,4 көшелеріне мердігер мекемелер тарапынан жол салу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал Сазқұндыз көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Алай көшесі арнайы техникалармен тегістеліп, шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін Базарқақпа тұрғын алабында 6.6 шақырымды құрайтын 11 көше асфальттанады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ