Танымал спортшы әкім болды

0

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.

2002 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжін «Дене шынықтыру және спорт»;

2007 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясын «Кеден ісі»;

2007 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы»;

2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясын «Көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру»;

2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Педагогика ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдарда Астана қаласындағы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының №12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келеді.

Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Ыстанбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

«Құрмет» орденінің иегері.


ПІКІР ЖАЗУ