Жалған полицей елден ақша бопсалаған

0

Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан Республикасының азаматынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткені анықталды. Полиция атын жамылған алаяқ 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталды. ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


ПІКІР ЖАЗУ