Патруль көлігі балалы әйелді қағып кетті

0

Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінде қалалық онкологиялық ауруханаға жақын жерде орын алған. 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Бейнежазбаны куәгерлер редакцияға жіберген. Балалы әйел жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған екен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жағдайы орташа, жабық бассүйек-ми жарақаты бар. 10 жасар баланың миы шайқалған, ішінің доғал жарақаты және гематома бар. Олар қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Шымкент қалалық ІІД бұл жағдайға қатысты  тергеу жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.


ПІКІР ЖАЗУ