Сымбатты жігіт болып әйелдерді алдаған

0

Әлеуметтік желіде сымбатты жігіттің кейпіне енген Ресейлік келіншек астаналық әйелдерді алдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде 26 жастағы бойжеткеннің «Никита» деген лақап атпен жалған профиль ашып, әйелдерге ғашық болған кейіп танытып, олардан ақша алып жүргені анықталды. Атап айтсақ 31 жастағы елорда тұрғыны әлеуметтік желінің алаяғына алданып, 130 мың теңге аударып жібергенін айтып, полицияға жүгінген.

Ер адамның атын жамылған күдікті романтикалық хат алмасу барысында өзіне тіркелген адамдардың сеніміне әбден кіріп алған. Олардың сеніміне кіргені соншалықты интимдік сипаттағы фотосуреттерін алып, оларды әлеуметтік желіге саламын деп қорқытқан. Сөйтіп фотосуреттерін таратпауды өтінген бикештерден ақша талап етіп отырған, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында елордада осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған 5 алаяқтық іске қатысы бар Ресей азаматшасы анықталды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шетелдік ұсталып, түзеу мекемесіне қамалды.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды желідегі танысудан сақ болуға шақырады.

Виртуалды таныстарға шамадан тыс сену қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Сіз оларға жеке ақпаратты жария етпеуіңіз керек және сізге қауіп төндіретін интимдік фотосуреттермен бөліспегенің жөн, — дейді елордалық полицейлер.


ПІКІР ЖАЗУ