Қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді

0

Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, қазақстандық балуандар әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрмұхамед Тұрдалы (45 келі), Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) және Самир Дурсунов (92 келі) жұбаныш белдесулерінде бағын сынайды.


ПІКІР ЖАЗУ