Жоғалған 18 жасар қыздың мәйіті жертөледен табылды

0

Шымкентте 4 тамыз күні үйден шығып, қайта оралмаған бойжеткеннің мәйіті табылды. Оның денесін туыстары үйдің жертөлесінен тапқан. Жас қыздың өлімі бойынша туған жездесі күдікке ілініп отыр.

Полиция мәліметінше, 8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мәйітті анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 5 тамыз күні Әл-Фараби аудандық ПБ-ға бойжеткен Аида Әбілданың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды.

Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ